0:00 / 0:00
Оқушылар онлайн оқу форматына көшеді. Өйткені өңірде ауру 93 пайызға көбейіп отыр. Бүгін БҚО ауру таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақтар тізімінде болғанымен алдағы күндері "қызыл" аймақ санатына ену қаупі бар. Сол себепті сақтық шаралары күшейтіледі.Мектеп оқушыларының қысқы каникулы енді ұзартылмайды. Алайда контингенті 600 оқушы болатын мектептер қашықтан оқу форматына ауыстырылады. Өйткені ауру мектеп жасындағы оқушылар арасында өршіп тұрған көрінеді.
Қауіпті дертке тоқтау салатын тек қана вакцинация шарасы. Қазір өңірде ревакцинациялау басталды. Мектеп оқушылары мен аяғы ауыр келіншектер үшін файзер препараты жеткілікті. Ал бүгінгі таңда инфекциялық ауруханада жатқан науқастардың 95 проценті ауруға қарсы егілмегендер,-дейді облыстың бас дәрігері Арман Қалибеков.Модульді ауруханаларға түсушілер де артқан. Бұл туралы дәрігерлер онлайн байланыста мәлімдеді.Жедел штаб отырысында қала әкімі Абат Шыныбеков мониторинг топтары жұмыстарының барысы туралы мәліметтер келтірді. Шаһар басшысының айтуынша, тұрғындардың медициналық маскасыз жүру фактілері азаймай отыр.Қала әкімі атап өткендей енді мониторинг топ жұмыстары күшейтілген режимде жұмысқа көшті. Коронавирусқа қарсы жедел штаб отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев тұрғындарға препараттың үшінші бөлігін алу қажеттігін ескертті.Облыста омикрон штамы тіркелген жоқ. Десе де карантиндік талаптар енгізілуіне байланысты кинотеатрлар 30 пайыз толымдылықпен жұмыс жасайтын болса, мейрамханалар мен дәмханалар жұмысына да өзгертулер енгізілетін болады.