0:00 / 0:00
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спорттық олимпиада ойындары басталды. Шара өскелең ұрпақты саламатты өмір сүру салтына үйретіп 0ана қоймай, бұқаралық спортты дамытуды көздейді. Жыл бойы жас спортшылар түрлі жас ерекшелік бойынша сынға түсіп, шеберліктерін шыңдап, жеңімпаздарды анықтайды.
Биылғы жылы оқушылар 22 спорт түрінен сынға түседі. Спорттық сайысқа бірнеше жылдан бері қатысып келе жатқан өрендер бұл шараның маңызды тұсын атап өтіп, өткен жылы ұйымдастырылған жарысты айтып берген еді.
Мектеп оқушыларының басын қосқан қала біріншілігі мамыр айында қорытындыланады. Жарыстан оқ бойы оза шапқан спортшылар қала намысын облыс пен республика деңгейінде қорғамақ.