0:00 / 0:00
Ақпан айы басталғалы өңірде мектеп оқушылары мен ұстаздар және мемлекеттік қызметкерлер арасында КВИ инфекциясын жұқтыру дерегі жиі тіркелген. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жедел штаб отырысында облыстың бас санитары Мұқамғали Арыспаев мәлімдеді. Соңғы аптада 42 мектеп оқушысы мен 16 мұғалім сырқаттанса, 24 мемлекеттік қызметкер ауру жұқтырған. Яғни мемлекеттік мекемелердің 80 пайызы уақытша қашықтан жұмыс жасау режиміне ауысуы тиіс. Жаңа қаулы бойынша білім беру нысандарында бір оқушы немесе бір ұстаздың дертке шалдыққаны анқталса, нысан 14 күнге карнтинге жабылатын болады.
Жедел штаб отырысында айтылғандай өңірге әуе қатынасы арқылы келген шетел азаматтарынан ауру жұқтырғандар анықталмаған. Алайда облыс орталығы Орал қаласы мен Бәйтерек және Бөрлі аудандарындағы жағдай көңіл көншітпейді. Түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілгенімен санитарлық талапты сақтамаудың ақыры жағдайдың ушығуына әкелуде.
Жиында бұдан бөлек жұмыссыздықпен күрес және медициналық мекемелердегі жедел желілермен КОЛЛ орталықтар жұмысын тәулік бойғы режимге көшіру мәселесі қаралды.