0:00 / 0:00
Оралдық Айнамкөз Рафикова ұлттық мазмұндағы үстел ойынын құрастырды. Назарбаев мектебінде оқитын Айнамкөз ұлттық нақыштағы ойынды жасақтау үшін 1 жылдай тынбай еңбектенген. Ойын атақты "Монополия" желісінде дайындалған. Бірақ сауалдары қазақ әдебиетінен құралыпты. Бүгінде ойын "Зерек" деген атауға ие.
Оралдық оқушы Айнамкөз Рафикова құнды мұраны өскелең ұрпақ арасында насихаттауға арналған "Зерек" атты үстел ойынын жасап шықты. Ол жобаны жасау мен оны қолданысқа енгізу үшін бір жылдай уақыт жұмсапты. Ойын "Монополия" ойыны негізінде жасалған.
"Зерек" ойыны оқушыларға ғана емес, ересектер үшін де қызықты. Қатысушылар қазақ әдебиеті шығармаларын еске түсіріп, жинаған білімін ортаға салып, сұрақтарға жауап беру арқылы жеңімпаз атана алады. Айнамкөздің ұстаздары контентті кез-келген сәтте өзгертуге болатынын айтады. Жобаның авторлық құқығын бекіту үшін құрастырушылар арнайы потентке өтініш жолдапты.
Қазіргі таңда "Зерек" ойынын ғаламтор арқылы көшіріп алып, ойнауға болады. Жобаның авторлары алғашқы туындысын "Балалар ауылына" сыйға берген.