0:00 / 0:00
Оралдағы балалар ойын-сауық орталығында ауа баптағыш құлап, бір адам зардап шекті. Басынан жарақат алған қала тұрғыны Екатерина Сатканова қазіргі уақытта жеке емханалардың бірінде ем алып жүр.Екі баласын демалыс күндері ойнатуға алып шыққан Екатерина Сатканова ойын-сауық орталығына кіре бергенде ауа жылытқыш құрылғы басына құлап, жарақат алды. Абырой болғанда ойын балалары нысанға алдымен аяқ басқандықтан аман қалған. Қазір Катя қаладағы жеке емханаларда сауықтырудан өтуде.
Екатерина Саткановаға медициналық көмек облыстық ауруханада көрсетілген. Бүгінде ол өзін әлі де әлсіз сезінетінін айтады.Оқиға мамырдың 10-шы жұлдызында болды. Алайда бүгін балалар ойын-сауық орталығының есігі жабық. Құрылыс жұмыстары үшін уақытша жұмысын тоқтатыпты. Мекеме ішіне кіруге рұқсат берілмеді. Нысан иесі Әсет Нәкіпбеков Екатерина Саткановадан кешірім сұрағандарын, алайда олармен келіссөз жүргізуден ол үзілді-кесілді бас тартқанын айтады. Тек өтемақы үшін 1. млн. теңге сұрағынын мәлімеді. Қазір аталмыш жағдайға байланысты тәртіп сақшылары тергеп-тексеру жұмыстарын бастапты. Десе де балалар қауіпсіздігі басты назарда екені сөзсіз. Мәселенің ақ-қарасы алдағы күндері шешілетін болады.