Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ойын автоматтары тәркіленді

c 00:00, 03/03/2015 c 979

0:00 / 0:00

Өткен айдың аяғында, қала аумағында жауапты орындар мен органдардың жүргізген арнайы тексеріс шарасы барысында, бірқатар ойын-сауық орындары мен сауда орталықтарынан құмар ойын құрылғылары табылып, тәркіленді. Автоматтандырылған құмар ойын аппараттары, арнайы терминал түрінде жабдықталған, ал олардың құмар ойын құрылғылары екендігі тек түбегейлі тексеріс нәтижесінде анықталған... Өткен айдың 27-28 күндері аралығында, қала аумағында тексеріс жүргізген құзырлы орындар, заңсыз пайда табу жолында бірқатар тұлғалардың құмар ойын аппараттарын, сауда орындары мен базарлардың аумағында орнатқанын көріп, барлығы 20 орыннан заңсыз ақша табу мақсатымен қойылған 42 ойын терминалын тәркілед. Ойын аппараттарының көбі, халықтың мол жүретін және жиі келетін жері "Жеңіс", "Караван" базарлары мен "Старт", "аяжан", "Коктем" сауда орындарында, көптеп орнатылғанында тәртіп сақшылары, өз ауыздарымен атап шыққаны. Аталмыш сауда орындарының қызметкерлері, құмар ойын құрылғысына жастың да жасамыстың да жиі келетінін растады. Құқық қорғаушылар, тұрғындардан егер облыс аумағында орнатылған осындай ойын автоматтарын көрген болсаңыздар, өздеріне шұғыл хабарласуларын сұрайды. себебі, құрам ойын құрылғылары оңай олжа тапқысы келгендері қызықтырып, жастардың санасын улайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.