0:00 / 0:00
Оралдың бірнеше көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Еріген қар суының салдарынан ойылған жолдарды ретке келтіру көктем шығысымен жылдағы әдетінше жасалатын шаралар. Биыл мамандар жолдары жөндеу жұмыстары өткен жылға қарағанда ерте басталды дейді. Қала бойынша жол жөндеу жұмыстары қар кетісімен басталды. Мамандар жауын-шашын кедергі болмаса мерзімінде аяқталады деп отыр. Жөндеуге байланысты көшелер уақытша жабылатын болса, тұрғындар алдын-ала хабардар етіледі. Қазір Сырым Датов көшесі мен Жайық және Шаған өзені үстіндегі көпір жолдарының ой-шұқыры тегістеліп, асфальт төселуде. Сонымен қатар өңірдің шалғай аудандарында қарым-қатынас құралы ретке келтіріледі. Ия, жолдар дұрысталады. Сондай-ақ жаяу жүргінші жолдары да толығымен жөнделеді дейді сала жауаптылары.