Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданына қарасты Бостандық ауылында өгей әкесі 4 жасар бүлдіршінді байлап тастап, қорада бірнеше сағат ұстаған. 1991 жылы туған ер адам 3 сағат бойы баланың қол-аяғын байлап, сарайға қамап қойған. Жағдайға ауылдастары араласып, бүлдіршінді қатыгез әкенің уысынан құтқарыпты.