Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Обырмен күрес

c 17:50, 07/02/2020 c 444

Өткен жылы БҚО-да обыр дертіне шалдыққан 1500- ден астам адам тіркелді. Дәрігелер жаман ауруға шалдыққан науқастардың көп болуына алаңдамай, қайта қуану керектігін айтады. Яғни, обыр дерті науқаста неғұрлым тез анықталатын болса, соғұрлым сырқатты емдеу жеңіл әрі тиімді болмақ. Обырдың алғашқы сатыларында дертке шалдыққан жанға ем тез қонады. Күллі әлем осы кеселге байланысты алаңдап отыр. 4-ші ақпан дүниежүзілік обырмен күрес күні. Осы датаға орай облыстық онкологиялық диспансерде арнайы семинар тренинг пен шаралар ұйымдастырылып жатыр. Шара барысында дәрігерлер батыс қазақстандықтар арасында сүт безі мен жатыр мойынының обыры бірінші орында тұр. Ал, өкпе мен ішектегі кеселде науқастардың арасында жиі кездесетінін мәлімдеді. Жиын барысында сөз алған мамандар тұрғындардың медициналық тексерістен уақытылы өтіп, денсаулықтарына бей-жай қарамауы керек дейді. Осы сенбі онколог дәрігерлер ашық есік күнін ұйымдастырып, барлық тұрғындарды қабылдауға дайын. Шара таңғы тоғыздан түскі бірге дейін ұйымдастырылмақ.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.