Ақ халатты жандар жыл сайын тоқ-ішек обырына шалдыққан 140-қа жуық Батыс қазақстандық тиісті медициналық есепті толықтырып отырады,- дейді. Жаман аурудың торына 60 алқымдаған жандар көптеп ілігетін көрінеді. Алғашында бұл сырқатқа шалдыққан жандар денсаулығында кінәрат барын білмеуі де мүмкін. Себебі, тоқ-ішек обырының айтарлықтай белгілері жоқ. Тек науқастың ас қорыту жүйесі бұзылып, асқазаны ауруып мазасын алуы мүмкін. Дертке шалдыққан жан бұны түрлі тәсілмен өзі емдеуге тырысып бағады. Сала мамандары ауру асқынбау үшін уақытылы скринингтен өтіп тұру керек,- дейді. Тоқ-ішек обырын анықтауға арналған скринигтен 40 пен 60 жасты аралығындағы жандар өтеді. Жаман ауруды анықтаудың өзі кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.