Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстың бас дәрігері екпе алды

c 17:23, 06/04/2021 c 672

0:00 / 0:00

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков коронавирусқа қарсы вакцина алды. Оның айтуынша бүгінге дейін өңірде 7 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған.Осыдан алты ай бұрын ковидпен ауырған Арман Талғатұлы бүгін өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген №5 қалалық емханада дәрігерлік тексеруден өтіп, «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін қабылдады. Айта кеткен жөн облыста бүгінге дейін 7000 адам індетке қарсы егілген. Вакцина алғандардың көпшілігі - медицина қызметкерлері. Сондай-ақ педагогтар, құқық қорғау және басқа сала өкілдері де бар. Мәселен, 7000-нан аса адам тіркеуде тұрған шаһардың қақ ортасындағы №1 емханада бүгінге дейін 700-ге жуық адам өз қалауларымен егілген. Медициналық ұйымда вакцинациялауға арналған екі процедуралық кабинет жасақталған. Мұндағы дәрігерлердің айтуынша, 4000-ға жуық тұрғынға екпе жасу жоспары бар. Қазірдің өзінде вакцина салдыруға ниет танытқан қарапайым халықтың қарасы қалың. Олар арнайы бекітілген кесте бойынша шақыртылуда.
Қазіргі кезде Орал қаласы мен аудан орталықтарында отыз шақты егу кабинеттерінде тұрғындарды кесте бойынша вакцинациялау жүргізілуде. Сәуір айының аяғына дейін облысқа тағы да 49700 доза вакцина әкелінбекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.