Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ

c 16:56, 01/03/2021 c 369

0:00 / 0:00

БҚО-да оқушылар арасында республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Білім сайысына қатысуға 504 оқушы ниет білдірсе, 21 оқушы денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмапты. Облыстық кезеңде оқушылар арасынан 14 пән бойынша үздіктер анықталды. Сайыс белгіленген график бойынша жүргізіліп, екінші күні жеңімпаздар марапатталып отырды. Салтанатты шарада 3 күн бойы өткізілген жаратылыстану-математика бағыты бойынша облыстық олимпиаданың үздіктері жарияланды.
Жалпы қорытынды есепте барлық пәндер бойынша 34 оқушыға бірінші орын берілсе, 2 орынды 59 оқушы иеленді, ал үштікке 84 мектеп оқушысы іліккен. Командалық көрсеткіш бойынша Орал қаласының білімді жастары үздік атанды. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша олимпиадаға 59 оқушы қатысқан. Әділ қазылар физика және математика пәні бойынша ең үздік, ең білімді оқушыны анықтау қиын болды дейді. Айтуларынша, биылғы тапсырмалар өте күрделі болған. Деседе жарысқа қатысушылар түрлі деңгейдегі тапсырмаларды, сайыстың шарттарын уақытылы да, тиянақты орындаған. Нәтижесінде математика пәні бойынша Ернат Ерғалиев үздік деп танылды. Барлық жеңімпаздар облыс намысын республикалық деңгейде қорғайды. "Осы кезге дейін БҚО-ның жастары ұстаздарын жүлделерімен қуантып келеді. Республикалық пәндік олимпиададан әркез жүлдемен оралатын",- дейді сайысты ұйымдастырушылар. Ендеше, алдағы республикалық деңгейдегі додада да жерлестерімізге сәттілік тілейік.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.