0:00 / 0:00
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Арман Өтеғұлов баяндамасында атап өткендей өңірде соңғы бірнеше айда отын-энергетикалық кешеннің көрсеткіштері төмендеген. Орынбор газ өңдеу зауытында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай Қарашығанақ кен орнынан жеткізілетін газды қабылдауды шектеу есептің айлық жоспар көрсеткішінен төмен болуына әсер еткен. Алайда денсаулық, білім беру мен құрылыс саласында алға басушылық бар. Сонымен қатар биылғы жылы өңір халқын тұрғын үймен қамту мақсатында тұрғын үй сертфикаттарын тапсыру барысына өзгерістер енгізілген. Бұған дейін баспана мәселесін шешу үшін конкурстан өткендерге 1 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау берілген болса, енді енгізілген өзгерістерге орай бұл сома 1 млн. 500 мың теңгеге ұлғайтылып отыр. Орал қаласы бойынша бүгінгі күні тұрғын үй сертификатына 20 адам ие болса, аудандарда бұл шара жыл соңына дейін жалғаса бермек. Өздеріңізге белгілі екі жылдан бері пандемея денсаулық саласына салмақ салуда. Дәрігерлер мен маман жетіспеушілігі мәселесі шешімін таппай келеді. Бұл салаға бөлінген қаражат көлемі ұлғайған. Емдеу ісінде де бірқатар жаңалықтар бар. Атап айтқанда жекелеген санаттағы азаматтарды амбулаториялық емдеу мен оларды тегін медицианалық емдеу бойынша шешімге өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар сессияда көші-қон процестеріндегі түзетулер туралы баяндалды. Сессия соңында депутат Ержан Хасанов облыстық мәслихатқа “Ақ жол” ҚДП-ның үш депутатынан фракция құру туралы өтінімді жариялады. Сессияға қатысушы депутаттар аталған ұсынысты бір ауыздан қолдады. Фракция төрағасы болып депутат Бағдат Ізмағанбет сайланды.