Орал қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Халық қалаулылары 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті бекітті. Өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес облыстық бюджет 13,6 млрд теңгеге көбейді.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 14-ші сессиясы өтті. Оған 30 депутаттың 24-і қатысты. Халық қалаулылары 2 жылдарға арналған бюджетті бекітті. Облыс бюджеті 13,6 млрд теңгеге көбейді. 3,3 млрд теңге әлеуметтік сала шығындарына арналған. Ал 2,6 млрд теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталды. Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қазынадан 2,5 млрд теңге бөлу көзделген.
Мәслихат депуттаттары Жаңақала мен Казталов шаруаларына мал азығын қамтуға көмек қолын созуды сұрайды. Қуаңшылық, киік пен ауа райына байланысты биыл екі ауданда төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі мал азығын дайындауда қиналып отырған аудандағы шаруаларға көмек көрсетілетінін айтты.
Мәслихат сессиясында депуттаттар тарихи және мәдениет ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссияның құрамын өзгерту мен мәслихаттың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды бекітті.