0:00 / 0:00
Отырыста кәсіпкерлерді қолдауда ұсынылған жалпы сомасы 179,5 млн. теңгеге бағаланатын 5 жаңа жоба қаралып, кәсіпкерлерге беру жәйі талқыланды. Бүгінгі аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жалпы сомасы 179,5 млн. теңгеге 5 жаңа жоба қаралды.Осы жобалардың барлығы түрлі салаға қатысты екенін атап кеткен жөн. Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында нысанаға алынған 5 жаңа жоба "Бизнестің жол картасы 2020" кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мақсатын меңзейді. Аталмыш 5 жоба құрылыс материалдар өндірісі, көлік техникалық қызметтері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге бағытталған. Солардың бірі Ақсай қаласынан "Нұр" шаруа қожалығы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және ішінара кепілдендіру үшін жылжымайтын мүлік құрылысына 150 млн. сомасында қаражат алған. Аталған несиеге мемлекет тарапынан қолдау сұратып отыр. Жиын аясында жоба қолдау тапты. Кәсіпкерлерді қолдаудағы бұдан өзге бастамалар әлі де жалғасын таппақ..