Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста қан плазмасы жеткілікті

c 15:47, 08/07/2020 c 588

0:00 / 0:00

Күні бүгінге дейін Орал қаласында коронавирусты жеңген 14 адам антиденелерге қан тапсырыпты. Бұл туралы қан орталығының мамандары хабарлайды. Қазіргі таңда аталмыш орталық Қазақстанда қан плазмаларын жинақтайтын 5-ші мекеме. Мамандар бүгінгі таңда мекемелердің сұранысын толықтай орындап отырмыз,- дейді.

Әлемді өзгертіп, түрлі саланы сынап жатқан коронавирус пандемиясы барлық адамзаттың өмірін өзгертті. Қазіргі таңда елімізде індет дендеп, сырқатқа шалдыққан науқастардың саны өсіп келеді. Осы аурудан жазылып, құлан таза айыққан жандар бар. Дәрігерлердің айтуы бойынша коронавирусты жеңген азаматтардың қанында осы вирусқа мейілінше төтеп беретін антиденелер пайда болады. Орал қаласында ковид-19 кеселін жеңген 14 адам қан орталығына келіп, қан тапсырыпты. Мамандар жұқпалы індеттен айыққан жандардан 3 мәрте қан алатындығын айтады.

Коронавирустан бөлек, қан тапсырып, донор болатындардың көмегі ауыр науқастарға керек. Сала мамандары қазіргі таңда қан орталығында қажетті қан жеткілікті деңгейде жинақталды,- дейді.

Облыстағы қан орталығы- еліміздегі бесінші қан жинақтайтын медициналық мекеме. Сала мамандары қазіргі қиын қыстау күнде білек сыбана жұмыстанып, медициналық мекемелердің қанға берген тапсырыстарын орындауда. Ал қан тапсырамын, донор болам деген жандар орталыққа жұмыс күндері таңғы сегізден кешкі бескі дейін келіп, адам өмірін ажалдан құтқаруға көмектесе алады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.