0:00 / 0:00
Облыстық білім басқармасы ұсынған дерек бойынша жаңа 2024-2025 оқу жылында барлығы 374 жалпы білім беретін мектепте 125 мыңнан астам оқушы біліммен қамтылмақ. Оның 10 мыңы - 1-сынып оқушылары. 36 колледж 58 мамандық бойынша студенттерді оқытады. 32 мыңнан аса бала 549 мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленеді. Республиканың бірнеше өңірінде енгізілген «Бірыңғай кезектілік жүйесі» пилоттық жобасынан БҚО тыс қалған.
ЕЛДОС САФУЛЛИН
ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыстың білім саласында 15 158 педагог қызмет атқарады. Тағы 245 қызметкерге қажеттілік бар. Өңірдің бас ұстазы бұл қажеттілікті жұмысқа жас мамандарды тарту немесе жүктемені ұлғайту арқылы жаңа оқу жылына дейін жабатынын мәлімдеді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аталмыш салада маман тапшылығы болмау қажет екенін қадап айтты. Сондай-ақ өңірде 10 мектеп үш ауысымды, 16 мектептің ғимараты апатты жағдайда деп танылған. 2022 жылы басталған Базартөбе мен Раздольный мектептеріндегі күрделі жөндеу әлі де жүргізіліп жатыр. Аймақ басшысы жауаптыларға жаңа оқу жылына дейін жұмысты жеделтуді тапсырды.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ
ОБЛЫС ӘКІМІ
Белгілі болғандай, облыста 4 мемлекеттік және 1 жеке мектепте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия жоқ. Сала өкілдерінің айтуынша, оған бірнеше фактор себеп. Жауаптылар ең алдымен оқу ғимаратын балансқа алу мәселесімен бетпе-бет келіп отырғандарын айтады.
ЗӘУРЕ ҒҰМАРОВА
БҚО БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Тоқсан сөздің тобықтай түйінін түйсек, жаңа оқу жылының басталуына 1 ай уақыт қалды. Олқылықтың орнын толтыруға санаулы күн бар. Білім саласындағы тізбектелген мәселелер облыс әкімі орынбасарларының тікелей бақылауында болмақ. Жауаптыларға нысан басына барып, жағдаймен жіті танысу, қысқа мерзімде мәселені шешу тапсырылды.