Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста 27 мыңнан астам тұмау ауруын жұқтыру фактілері тіркелді

c 09:14, 06/10/2017 c 860

0:00 / 0:00

Оның 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екен. Ал жұқпалы дерттің алдын алып, инфекция көзін қалай дереу жоюға болады? Дәрігер мамандар «мұның бірден бір жолы - екпе алу» дегенді айтады.

Күз келісімен еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды. Осы кезде суық тиген, иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады. Ал оның алдын алу үшін еліміз бойынша бірінші қазаннан бастап тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы егілу маусымы басталды. Биыл өңірде 60 мыңнан астам екпе егу жұмыстары жүргізілмек. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 52 миллион теңге қаржы қарастырылыпты. Бүгінде бұл жұмыстарға облыстағы медициналық мекемелер жаппай кірісіп кетті. Қалалық №1 емханаға ақхалаттылар кеңесімен екпе алуға келгендер қарасы қалың . Қоғамның осал тобы мен балаларға бұл вакцина тегін салғысса, жеке медициналық мекемелерде екпе бағасы 2 мың теңгеден екен. Айта кетелік, тегін вакцина егу шаралары қараша айына дейін жалғасады. Ал дәрігерлер "екпе салдыру ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек аурудың тез өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды" дегенді айтады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.