Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОБЛЫСҚА АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КЕЛДІ

c 16:54, 24/09 c 37

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2024 жылдың 6 қазан күні Атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум өтеді. Бүгінде әр өңірде құрылған халықтық штаб АЭС салу мәселесін жұртшылықпен бірге талқылауда. БҚО-ға АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штаб өкілдері келіп, Достық үйінде бас қосты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, елімізде электр энергиясына деген сұраныс жыл санап артып жатыр. Электр қуатына қажеттілікті өтеу мақсатында АЭС салу қажет-ақ.

БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Басқосуда АЭС-ті іске қосудың артықшылығы мен мүмкіндігі, қоршаған ортаға тигізер залалы туралы баса айтылды. Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтың айтуынша, Алматыға 20 шақырым жерде екі контурлы су атом электр станциясының жұмыс жасағанына 57 жыл болған. Бүгінге дейін үздіксіз қызмет істеп тұрған станцияға қатысты халықаралық агенттік тарапынан ескерту жасалмапты. Сала өкілінің пікірінше, аталмыш станцияның тәжірибесін ескерсек, АЭС салуда ұтарымыз көп.

САЯБЕК САХИЕВ

ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Осылайша, 6 қазанда еліміз үшін маңызды шешімге жұртшылық жекелей үн қоспақ. Әлеуметтік желілер мен ел арасында түрлі пікір тарай бастады. Бұл «Атом электр станциясы» деген ұғымды түсінбеу салдарынан туындап отыр. «Aq jol» ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары және облыстық халықтық штаб мүшесі Бағдат Ізмағанбет насихат жұмыстарының нәтижесінде жерлестеріміз АЭС мәселесіне қатысты ақпаратпен қанығып, дұрыс шешім қабылдайтынын айтады.

БАҒДАТ ІЗМАҒАНБЕТ

ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ

Республикалық халықтық штабтың үгіт-насихат жұмыстары Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жалғасты. Мұнда аға буын өкілдерінің пікірін студенттер де қолдайтынын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.