Өткен сенбі және жексенбі күндері облыс орталығында орналасқан Ықсанов көшесінде ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш жәрмеңкенің жұмысымен арнайы облыс әкімі Алтай Сейдірұлы танысып, халық тұтынатын тауардың сапасы мен бағасын бақылап қайтты.