0:00 / 0:00
Бқо әкімі А.Көлгінов облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары - Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлын таныстырды.
Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы - 36 жаста. Білімі жоғары.
2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген. 2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарды.