Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОА ЕЛДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

c 20:33, 11/08 c 41

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім, күні кеше Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшылары елордаға келді. Президенттер ең алдымен «Достық кеші» гала-концертін тамашалады. Ал жұма күні VІ Консультативтік кездесуге қатысу үшін Ақордаға жиналды. Қазақстан Президенті Тоқаев осы уақытқа дейін өткен Кездесулердің нәтижелі болғанын айтты. Аймақтық ынтымақтастыққа жүйелі, жан-жақты әрі, ең бастысы, сенімді сипат беріп, бұрын-соңды болмаған деңгейге шығардық. Шекара, сумен қамтамасыз ету, миграция мәселелері жоспарлы түрде реттеліп, өзара саудадағы көптеген кедергілер жойылды. Шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылып жатыр. Көлік қатынастарының жаңа бағыттар ашылуда. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық қарқынды дамуда, – деді. Ендігі кезекте, әлемдік геосасяи ауахзл күшейпі тұрғанда қауіпсіздік мәселесін қамту қажет болып отыр.

Діни-экстремизм мәселесі де күн тәртібінен түспей отыр.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанның өңірлік серіктестікті жан-жақты нығайтуды және Орталық Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыруды көздейтін стратегиялық бағдары өзгермейтінін айтты. «Табысты Орталық Азия – Табысты Қазақстан» формуласын берік ұстанамыз – деді. Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық Азия Іскерлік кеңесін құру туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді. Орталық Азия аймағындағы тағы бір мәселе- су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану. Бұл орайда Су-энергетика консорциумын құру және гидроэнергетикалық нысандарды бірлесе салу бастамасы су шаруашылығындағы көпжақты ынтымақтастыққа негіз болады. Суды бөлу мен есепке алуды цифрландыру, ғарыштық мониторинг технологияларын енгізу, жүйелі ғылыми жұмыстар жүргізу маңызды міндеттердің санатына жатады, – деді қазақ басшысы. Орталық Азия елдері ішіндегі өзара тауар айналымын арттыру қажеттігі де айтылды. Бүгінде сауда көлемі біртіндеп ұлғайып, 11 миллииард долларға жеткен. Мақсат- тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу.

Консультативті кеңес барысында 2027 жылға дейінгі Аймақтық ынтымақтасты дамытудың жол картасы бекітілді. Құжат үкіметтердің үйлесімді жұмысын жетілдіреді және осы алаңда ұсынылған бастамалардың орындалуын бақылауды күшейтеді. Мұнымен қоса Қазақстан Президенті «Орталық Азия – 2040» өңірлік кооперациясын дамытуға бағытталған тағы бір маңызды құжатқа қол қойылатынын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.