Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұржанар» компаниясы тұрғындарға тегін лимонад сусынын таратты. Осылайша қалалық саябаққа жиналған отбасы мүшелеріне тосын сый жасаған компания өкілдері жүздеген оралдықтың ризашылығына бөленді. «Нұржанар» ЖШС-нің өкілдерінің айтуынша, тегін лимонадқа қол жеткізудің жолы өте қарпайым. Бар болғаны компанияның әлеуметтік желідегі парақшасына жазыласыз. Осылайша сіздер де бұл науқанның қатысушысына айналасыз.
Бұған дейін «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымына лайық деп танылыған зауытта соңғы кездері өнім өткізу көлемін бес есеге ұлғайтыпты. Бұдан үш жыл бұрын кәсіпорында 170 адам еңбек етсе, қазіргі уақытта жұмысшылар саны 200- ден асқан. Компанияның «Нұржанар» брендімен шығарылатын өнімдері Ақтөбе, Атырау облыстарына, Ресейдің іргелес облыстарына жіберіледі.Зауыттағылар экспортты ұлғайтуды жоспарлап отыр.