Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Нұрлы жер" бағдарламасымен 13 үйдің құрылысы басталды

c 17:27, 05/07/2022 c 1464

0:00 / 0:00

Баспана құрылысы қашан да өзекті. Сапалы, әрі қолжетімді үйді армандамайтын жан баласы жоқ шығар. Қос бүйірден алған қымбатшылықта құрылыстың қарқыны да біраз баяулады. Өткен жылдары құрылыс материалдарының бағасы шарықтап, бұрын бекітілген жобалардағы бағадан асып түсті. Бір темірдің бағасы 2-2,5 есеге қымбаттады.

2022 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында облыс аумағында 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл құрылыс жұмыстарын атқару үшін 12,5 млрд теңгедей қаражат бөлінді. Оның 7,8 млрды баспана құрылысы жұмсалмақ. Жыл соңына дейін 600 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі,- дейді құрылысшылар.

Мына тұрғын үйдің құрылысы сәуірде басталған. Қазіргі таңда мұнда монолиттен қабырға құйылып, кірпіштер қаланып жатыр. Құрылыс материалдары жеткілікті деп айтады мердігер.

Өткен жылдары құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кетті. Бір темірдің бағасы 2-2,5 есеге өскені мәлім. Өткен жылдары 2018, 2019 жылдары жасалған жобамен салып жатқан мердігер компанияларға өтемақы төленеді деп айтқан еді. Алайда әлі күнге дейін бірде-бір компанияға қосымша қаражат төленбепті.

Былтыр Орал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот процесі жүріп жатыр. Мамандар биыл бір үйдің құрылысы аяқталады,- дейді.

Су жаңа "Ақжайық" шағын ауданында 3 үйдің құрылысы басталыпты. Жақында облыстық мәслихаттың бюджет бойынша комиссиясы тағы 4 үйдің құрылысы үшін қаражат бөлуді мақұлдаған.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.