0:00 / 0:00
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Орал-Саратов тас жолы бойындағы қаланың жаңа ауданында тұрғын үй салынуда. Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны 140 000 теңгені құрайды. Үш тұрғын үйдің құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан мәлім етті. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы - бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін ең тиімді шарттармен жаңа тұрғын үй алудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші - қатысушы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адам тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы қолданыстағы шарт ашуы немесе болуы қажет. Пәтерді сатып алу үшін ТҮҚЖБ клиенттеріне шотта 20% мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарна жеткілікті, сонда олар жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша алдын-ала қарыз ала алады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 теңге сомасында жинақталуы тиіс.азіргі таңда Зачаганск кентінен 297 пәтерге өтініш қабылдау жүргізілуде: оның ішінде бір бөлмелі – 180 пәтер, екі бөлмелі пәтер – 117 пәтер. Үш бөлмелі пәтерлер бұл үйлерде жоба бойынша қарастырылмаған, ал алдағы берілетін үйлерде пәтердің осы түрі болады. Осы ауданда бағдарлама бойынша тағы да екі 9 қабатты тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 3 үй мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы 1 үйге жыл соңына дейін өтініш қабылдау жоспарда тұр.«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы baspana.kz сайтына өтіп білуге болады. Бұл портал тұрғын үйді бөлу процесінің ашықтығы мен таңдаудың ыңғайлылығы үшін арнайы әзірленген. Онда қолжетімді тұрғын үйге үміткер қандай нысандар салынатынын, өтініш қабылдау жүргізілетіндігін, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтінім бере алады. Нысан үшін өтініштерді қабылдау құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше ай бұрын жарияланады.