Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантиге жабылды

c 19:37, 17/03/2020 c 610

0:00 / 0:00

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамды құрады. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Оның  15-і Алматыда, қалған 17-і Нұр-Сұлтан қаласында.Айта кетсек, індетке шалдыққандар арасында екі жасар сәби де бар. Індет жұқтырғандар санының артуына байланысты Президент  жанындағы Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия  наурыздың 19-нан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін енгізді.

Күні кеше ғана елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 10 науқасты құраған еді. Ал бүгін  оның  саны 32 адамға жетті.  Бір күннің ішінде елордада 17 адам індет жұқтырып отыр. Сол себепті Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия  Нұр-Сұлтан мен  Алматы қалаларында карантин режимін енгізді. Осылайша наурыздың 19-нан бастап карантинге жабылатын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Сондай-ақ, қала ішінде  қоғамдық көліктердің қозғалысын барынша азайту  қарастырылған. Ал арнайы емдеу мекемелері үздіксіз жұмыс істей береді. Халықты азық-түлікпен жабдықтау барысын  ұйымдастыру қарастырылған. Азық-түлік сататын сауда орындары жұмысын тоқтатады. Еліміздің бас дәрігері, төтенше жағдай барысында медициналық мекемелер карантинге жабылып, фото-видео түсіруге тиым салынатынын айтты. Сондай-ақ, Біртанов елді алаңдатып отырған қауіпті індет емделетін вирус деп жұбатады.

Елордалықтар аты жаман вирустан қалай қорғалып жатыр екен деген сауалмен, бетпердемізді киіп көшеге шыққан едік.

Ел басына күн туған сәтте, қауіпті індетпен бетпе-бет келіп жатқан ақ халатты жандар екені мәлім. Коронавирус жұқтырғандардың денсаулығы үшін күресіп,  өзіне төнген қауіпті ойламай ,аянбай жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге үлкен қолдау қажет. Отандық банктердің бірі және ірі құрылыс компаниясы дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету мақсатында әрқайсысы 100 млн теңгеден қаржы бөліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.