0:00 / 0:00
Елорда локдаунға оралуы мүмкін. Бұл жайында Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Қазақстанда өткен тәулікте 5648 адамда коронавирус індеті анықталды. Көш бастап тұрған Нұр-Сұлтан қаласында 1549, Алматы қаласында 885 науқас тіркеліп отыр. Эпид жағдай ушығып тұрғандықтан елордада алдағы Құрбан айт мерекесінде айт намазы оқылмайды, тұрғындарға үй жағдайында құрбан шалып, дастархан жайып, қонақ шақыруға тиым салынып отыр.
Өкінішке орай Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр. Ковид жұқтырғандар саны 1,5 мыңның үстінде тұр. Егер жағдай түзелмейтін болса қала локдаунға оралуы мүмкін. Елорданың бас санитары Қасиетті Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы қабылдады. Туған-тусытарға айттап бармауға шақырды. Нұр-Сұлтанның мешіттерінде айт намазы оқылмайды және құрбандық шалатын орындар жабылады.
Дәрігерлердің айтуынша, елде балалар арасында індет жұқтыру көбейіп жатыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан "Pfizer" компаниясымен вакцинаны жеткізуді қолға алып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова америкалық Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізіледі дейді. Бұл орайда, балаларға вакцина салынуы мүмкін деп отыр. Елімізде 12 мен 18 жасқа дейінгі балалардың саны – шамамен екі миллионды құрайды.
"Бүгінде әлемде қолданылатын барлық вакцина 18 жасқа дейінгі балаларға егілмейді. Әйтсе де Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балалар салынуда. Сондықтан біз қазіргі таңда балаларға вакцина салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Өйткені Қазақстанда осы жастағы балалардың саны – шамамен екі миллион. Бұл аз емес. Оның үстіне елде үнді штамы таралып жатыр.
Балаларға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен ғана салынатын болады.