0:00 / 0:00
4-ші мамыр күні ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабы ашылды. Штаб жұмысы Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарына сәйкес 11 мамырдан басталады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимаратында өткен брифинг барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменов мәлім етті.Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары айтуынша, «Nur Otan» партиясы алда өтетін Президент сайлауына дайын отыр. Өңірімізде партияның белсенділері мен жақтастарын қолдау мақсатында 13 қалалық және аудандық штабтар құрылып, 300 адам жұмысқа тартылды.
Партия мүшелері науқанда алға қойған мақсаттарын толық орындап шығатынына сенімді. Осыған орай үміткердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын тиімді жүргізу жолында жоспар жасақтап қолда бар мүмкіндіктер мен шаралардың барлығын іске қоспақ. Ал, «Nur Otan» партиясының Орал қалалық штабын Мұхтар Давлетжанов басқарады. Облыс бойынша 273 бастауыш партия ұйымында 34 600-ден астам мүше болса, бүгінде сайлау алды науқанға өңірлік штабтың 82 мүшесін нақты бекітілген.