Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нені жазуға болмайды?

c 20:31, 08/11/2019 c 709

0:00 / 0:00

Жала жабу туралы  баптың кейбір тармақшаларын қылмыс деп танымауға болады дейді Ақпарат министрі Дәурен Абаев. Бұл жайында ол Нұр Отан партиясында азаматтарды жеке қабылдау барысында айтты. Құқық қорғаушылардың пікірінше, жала жабу бабы бойынша халықаралық міндеттерге сәйкес, қылмыстық жауапкершілікті алып тастап, әкімшілік жауапқа тартуға өту керек. Абаевпен өткен қоғамдық қабылдауда қазақстандықтар онлайн режімде де әңгімелесіп, талап-тілектерін жеткізді. Біздің арна тілшілері де министрдің қоғамдық қабылдау барысына қатысқан еді.

Министрдің қабылдауына түскен азаматтар өтінішін жеке айтып жатса, жете алмағандары онлайн режимде мәселе көтерді. Ютуб арқылы хабар таратып отырған телеарна директоры министр Абаевтан өзінің арнасын  «Отау ТВ» спутник желісіне тегін қосуды өтіндіҰлттық мәдениетті насихаттайтын телеарна осы жылдың басында ашылған. Алайда, оның өміршеңдігі ақшаға тіреліп отыр. Ай сайын 2,5 млн теңге төлеп отырмыз дейді.

Алайда, жаңа арнаны тегін пакетке қосу үшін, басқа телеарнаны жылжытуға тура келеді. Мұндай тегін май шелпектен басқа да арналар үміттенуі мүмкін. Өз кезегінде министр мәдени мұраны насихаттайтын телеарналарға мемлекеттік қолдау жасалатынын айтты.

Ал журналистер тарапынан қойылған сұрақ- жала жабу бабына қатысты болды. Қоғам белсенділері мен парламент депутаттары тарапынан Қылмыстық Кодекстен жала жабу және абыройына нұсқан келтіру бабын  алып тастау ұсынылған болатын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жала жабу бабы журналистер қауымына қарсы қолданылады.Қандайда бір жемқорлық ісіне қатысы бар немесе күдікке ілінген шенеуніктер тарапынан журналистерге қарсы қолданылатын бап болып отыр. Осының салдарынан, бұл қылмыстық жауапқа тарту бабы журналистік тергеу жүргізу деген жанрды жоқ қылды. Яғни шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген ақпарат шықса, бұл сот алдына апаратын жағдайға айналды.

Даурен Абаев - ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі; «Мәселе талқыланып жатыр. Бұл бір адамның, не бір мемлекеттік органның пікірі ұсыныс емес. Қазір күн тәртібінде тұр. Жыл соңында толық қандай шешім шығарғанымызды айтамыз. Онда баптың үш тармақшасы бар. Бір тармақшасында қылмыс деп танымауға болады».

Жалпы, мемлекеттік органдар басшыларының қабылдау өткізуі билік партиясында дәстүрлі үрде жүргізіледі. Әр министрге өз уақыты бөлінген. Бұл шенеуніктердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында жасалып отырған шара болар.Себебі, мемлекеттік органдарға арыз-шағымын жолдап, жауап ала аламй жүрген азаматтар үшін бұл өте ыңғайлы алаң болып тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.