Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Неке тек мешітте қиылуы керек

c 10:10, 18/07/2018 c 1500

0:00 / 0:00

Жаңа заң жобасында осылай делінген. Заң жобасына енер өзгеріс көп. Дін істері басқармасының басшылығы қазіргі заңнама деструктивті діни ағымдармен тиімді күресуге жол бермейді дегенді айтады. Сондай ақ, қолданыстағы заң діни экстремизммен күрестегі әлемдік тәжірибеге сай келмейді, сот практикасы да қарастырылмаған. Осы әттеген-ай деген тұстар қайта қаралып, заң жобасындағы 4 кодекске және 8 заңға 117 өзгеріс енгізілмек. Шетелде діни білім алу мәселесі де реттелмек.Заңнамаға сай, енді қазақы дәстүр мен сенімге жат шетелдік оқу орындарында білім алуға басқарма тосқауыл қояды. Елде бекітілген ханафи мазхабына қайшы ақидадағылар қазақ жерінде діни білім берулеріне болмайды.
Сондай-ақ, ақ некенің қадірін сақтап қалу үшін енді некені тек діни басқарма имамдары, мешіттерде ғана қия алады. Аталған өзгерту алданған қыздар мен жетім қалған балалардың құқығын қорғауға бағытталған. Күллі мұсылманға қасиетті түсінікті аяққа таптап, некені ойыншық қылғандарға осылайша тұсау салынбақ. Бұны мемлекет діни неке қиюға тыйым салып жатыр деп емес, өзекті мәселені реттеу жағын қолға алып жатыр деп түсіну керек дейді сала қызметкерлері. Бір айта кетерлігі, заңнамада орамал тағуға тыйым салынбаған, бұл да болса еліміздің зайырлы мемлекет екендігін, әркімнің діни сенім бостандығын растайтындығының дәлелі. Жиын барысында талқыға түскен мәселе мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне қатысты. Оны облыс әкімінің орынбасары түсіндіріп берді.
Заң жобасы барлық азаматтардың заң алдындағы теңдік қағидаттарына және әр азаматтың сеніміне құрметпен қарауға бағытталған.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.