0:00 / 0:00
Бой көтерген зәулім-зәулім үйлер, мектептер мен ауруханалардың әсем де, жарық болып табысталуы үшін көбіне әйел азаматшалардың күші тартылады. Қыстың қақаған аязы, жаздың ыстығына қарамастан олар майлау, сырлау, әрлеу жұмыстарын атқарады. Зор құрметке лайық осы еңбекті мереке күні елеусіз қалдыруға болмас. Себебі бүгінде жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді ұнататын ер жігіттердің өзі бұл салаға баурға құлықсыздық танытып жататыны жасырын емес. Мария Бондарева 17 жасынан құрылыста жұмыс жасап келеді. Қызығынан шыжығы мол салада ер азаматтардың ортасында жүрген азаматша бұл тірлікке әбден төселіп алған. Көз ілеспес жылдамдықпен сырлау, майлау жұмыстарын атқарады. Сондықтан оны алмастырар маман табу қиынның қиыны. Қыстың суығына қарамастан Мария Бондарева жұмыс жасайтын компания осы қыста 1200 орындық мектеп пен сауықтыру кешенінің құрылысын көтерді. Жайлы орын, жылы жер талғамайтын арулар олардың әр қабырғасын нәзік саусақтарымен сылап, әрлеген. Танымал ірі кәсіпорында Мария Бондаревадан бөлек тағы 2 әйел адам бар. Барлығы да 50-ден асқан егде жастағылар.