0:00 / 0:00
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу әдісін басқа мектептерге үйрету қажет. Себебі оқушылардың қазіргі заманға сай білім алуы керек. Бұл ретте қала мектептерінен бөлек алыс аудандар мен ауылдық жерлердегі мектептердің өзі осы Назарбаев зияткерлік мектебінің әдісімен білім беріп бастаулары қажет. Сондықтан да Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері аудандарды аралап семинарлар өткізіп жүр.Осы жолы зияткерлік мектептің ұстаздары мен оқушылар Ақжайық ауданында болды.Қазіргі заманда баланың жақсы білім алуы үшін ата - аналар барын салып жақсы мектеп іздейді.Орал қаласындағы бір ғана Назарбаев зияткерлік мектебі бүкіл облыстың балаларын қамти алмасы белгілі.Сондықтан да жақсыны көрмекке, білмекке дейтін ұстаздар үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері арнайы семинарлар өткізіп тұрады.
Семинар барысында оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп жұмыс жүргізілді. Баланың шығармашылық ойлауы мен тұлғалық қалыптасу үшін қажетті делінетін әдістер мұғалімдер үшін атап айтылды.Бұдан бөлек мектеп директорларының орынбасарлары үшін де арнайы дәріс оқылды. Бұл жерде біліммен қоса тәрбие жұмысын алып жүру мәселесі талқыға салынды.
Қазір орта мектептердің бәріне осы Назарбаев зияткерлік мектебінің әдісін енгізу мәселесі қолға алынып отыр.Ол үшін алдымен мектеп мұғалімдерінің өздері арнайы семинарлардан өтеді.
Заманға сай тәрбие мен білім беру ісін қолдайтын Назарбаев зиятерлік мектебінің ұжымы өткізген бұл семинар Ақжайық ауданының мұғалімдері мен оқушылары үшін тиімді болғаны сөзсіз.