0:00 / 0:00
Аты әйгілі, талай талапкердің арманына айналған Назарбаев университеті ел қазынасына салмақ салып отыр. Ал бұл халықтың қалтасынан төлеп отырған салығына жармасу емес пе? Өткен жылмен салыстырған ел үкіметі оқу орнын қаржыландыруды айтралықтай қысқарттық дегенді. Алайда, Назарбаев университетіне жұмсалып жатқан бюджет қаржысы ауқымды. Мемлекет бұл оқу орнына 60 миллиард теңге бөлді. Аудитордық палата жүргізген тексеріс нәтижесінде университетте қаржылық бұзушылықтар мен бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау деректері анықталды. Мәжіліс дәлізінде берген сұқбатында бас аудитор Әлихан Смайылов Назарбаев университетің әлі күнге дейін республикалық бюджетке тәуелді болып отырғанын айтты. Жоғары оқу орны қаржы көзін тартудың өзге жолдарын іздеуге асықпайды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ "Назарбаев университет әлі күнге дейін республикалық бюджеттің қаражатына тәуелді. Бұл университеттің мәртебесіне, мемлекет тарапынан берілетін көмекке және оны салықтардан босатуға қарамастан, әлі де университет 98% республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылып отыр".
Осылайша елдің білім саласына бөлінетін қаражатының басым бөлігі Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептерін ұстап тұруға жұмсалады. Бұл автономды ұйым бола тұра, үкімет оның құрылтайшысына айналған. Отандық БАҚ-тың жазуынша, 27 моноқалада екі миллионға жуық адам тұрады. Алайда, қазынадан бұл қалаларға бөлінетін қаржы көлемі Назарбаев университеті мен мектептеріне бөлінген қаражаттан әлдеқайда аз. Оқу орны бюджеттің миллиардтарын жеп отыр. Халықаралық Назарбаев унвиерситеті деген аты ғана болмаса, әлемдік оқу орындарының рейтингіне іліне қойған жоқ. Дегенмен, қазақстандық талапкерлерлер грант алып, осы оқу орынна түсуге ынталы. Себебі, елорданың төрінде ауқымды жерді алып жатқан университеттің 400 ғимараты бар. Онда шетелдік педагогтер дәріс оқиды. Бұл унвиерситет орналасқан жер телімін мемлекет сатып алып берген. Бірақ қазынадан қаржы алып отырған оқу орны тіпті қаржылық есеп те бермейді екен.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ "Тағы бір әмселе қолданыстағы заңнама университетті қаржылық есеп ұсынуға міндеттемейді. Яғни университет қаржылық есеп бермейді. Бұл университет жұмысының ашықтығына кері әсерін тигізеді. Мысалы,біз жүргізген аудиттің нәтижесі бойынша 73 миллиард теңгеге тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Сонымен бірге жарты миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар да ашылды".
Смайылов Назарбаев унвиерситеті республикалық бюджетке тәуелділіктен кетіп, жеке қаржы көздеріне көшу керек дейді. Өздеріңізге мәлім, бұл оқу орны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елге билігі жүріп тұрған кезінде ашылды. Аты әлемге әйгілі оқу орындары өз ивнесторының немесе демеушісінің атымен аталады. Элиталы жоғары оқу орындары жеке қорлармен қаржыландырылады. Олай болса, неге Назарбаев осы оқу орнын өз қанатының астына алмайды?- деген сұрақ туындайды. Оқу орны экс-президенттің атымен аталған ғой. Ал ел қазынасынан осы оқу орнына кетіп жатқан миллиардттарды басқа мемлекеттік мектептер мен унвиерситеттерге жұмсауға болар еді. Жоғары аудиторлық палатаның есебінен соң Назарбаев университеті бірден жауабын да беріп үлгерді. Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджеттік бағдарлама шеңберінде студенттердің жол жүруі бойынша өтемақыны және мемлекеттік шәкіртақыларды есептеуге байланысты және Университеттің академиялық және ғылыми қызметіне қатысы жоқ деп хабарлады Назарбаев унвиерситетінің баспасөз қызметі. Ал 2024 жылы университетті республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 50%-ды құрайды, қалған сома эндаумент-қор және демеушілер, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу және өзге де қызметтерді ұсыну есебінен жиналды. Өз тарапынан Университет көрсетілген кемшіліктерді жоюды, ақылы негізде білім алушылар санын ұлғайтуды жоспарлап отырғанын хабарлады.