Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ «ҚҰРМЕТТІ СЕНАТОР» АТАҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

c 18:34, 17/01/2023 c 73

0:00 / 0:00

Экс –президент Нұрсұлтан Назарбаев «құрметті сенатор» атағынан да айырылды. Себебі "Құрметті сенатор" атағы сенат регламентінен алынып тасталды. Бұл жайында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында айтты. Ал ертең парламенттің қос палатасы «Елбасы мәртебесі туралы» заңның күшін жою туралы Конституциялық соттың қаулысын қарайды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзіне тиесілі артықшылықтардан айырылып жатыр. Кезінде Парламент өзі қолдап, экс-президент Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын берген болатын. Енді депутаттар оң қолмен бргенін, сол қолмен тартып алғандай Нұрсұлтан Назарбаевты «құрметті сенатор» атағынан да айырды. Жақында парламенттің жаңа регламенті бекітілген. Соған орай, мәжіліс пен сенаттың функциялары өзгерді. Оған қоса, "Құрметті сенатор" атағы да регламенттен алынып тасталды. Енді мұндай атақ болмайды да, ешкімге берілмейді.

Спикердің айтуынша, бұл дәреже кезінде бір адамға ғана берілді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Бірақ "Құрметті сенатор" атағы заңмен бекітілмеген, тек сенаттың регламентіне ғана енгізілді.Ал жұма күні өтетін сенат пен мәжілістің бірлескен отырысына «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы шығарылады.

Парламент елбасы мәртебесі туралы заңды қабылдап, экс-президентке барлық артықшылықтарды беріп, оны және оның отбасын толық қорғауды заңмен бекітіп берген еді. Енді бұл заңның күшін жою халықтың талабы деп отыр. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевты Тұңғыш президент, елбасы деп атамасақ та, ол экс-президент ретінде мемлекеттік күзет пен тұрғын үймен қамтылады. Зейнетақы алады. Ең бастысы Назарбаевтың мүлкіне қол тигізбеу деген норма алынып тасталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.