Наурызда ауа райы күр жыланды деген болжам бар. Көктемнің алғашқы айында республикамыздың шығысында, солтүстігі мен орталығында жауын-шашын нормадан жоғары болса, қар мен жаңбыр Атырау мен Батыс қазақстан облыстарында жаумайды. Орташа температура нормадан 1-2°С жоғары. Наурыз айының ортасынан бастап ауа температурасы көтеріліп, 10 градус жылы болады. Ауа райының күрт жылынуынан өзен-көлдердегі мұз ерте еруі мүмкін деген де болжам бар.