Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Науқастар саны артуда

c 16:57, 04/05/2020 c 297

0:00 / 0:00

БҚО-да тағы 12 адамнан коронавирус анықталды. www.coronavirus2020.kz қазақстандағы коронавирус бойынша 4 мамырдың 09.20 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады. Бүгін елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 44 жағдай тіркелді. Олардың 12-сі батыс Қазақстан облысынан анықталған. Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар 3964-ке жетті.12 адамның 2-і Түркістан, 1-і Батыс Қазақстан облысының және 2-і Шымкент қаласының тұрғындары. Барлығы да Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар. Ресей Федерациясымен шекарадағы "Сырым" және "Тасқала" автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізілген. Олардың еш шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, эпидемиологтар жедел жәрдем шақырып, карантиндік стационарларға орналастырылды. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясы анықталған 7 адам - медициналық қызметкер. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Корнавирус белгілері әр түрлі. Тіпті вирус жұқтырғандар өздерін жайсыз сезінбеуі мүмкін. Дәрігерлер науқастардың індеттің жеңіл түрімен ауырып жатқанын айтады. Естеріңізде болса 1 мамыр күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан 30 шақты адам үйлеріне жіберулерін талап етіп, мекеме ауласына шығып кеткен еді. Жүргізілген ПТР зерттеу қорытындысында олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны нақтыланған. Алайда олар өздерінде симптомдары байқалмайтынын айтып, медициналық мекемеден кетпек болған. Осы орайда БҚО денсаулық сақтау басқармасы мамандары пациенттерге түсіндіру жұмысын жүргізген еді. Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. Бүгінде аурумен күрес бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.