Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Науқастар саны 3 есеге артты

c 14:32, 26/06/2020 c 639

0:00 / 0:00

Елордада өкпесі қабынған науқастар саны күрт өсті. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады. Елордада күн сайын коронавирус жұқтырған  150  оқиға тіркелуде. Науқастардың  50 пайызында  аурудың белгілері жоқ.  Нұр-Сұлтан қаласында өкпесі қабынғандар саны күніне  600 адамға жетті.

Қазақстанда қауіпті індетті  жұқтырғандар саны соңғы күндері күрт өсті. Көптеген аймақтарда карантин шаралары қайта қатаңдатылды. Тәулігіне бірнеше адам коронавирустан көз жұмып жатыр. Карантин шаралары жеңілдетілісімен, қауіпті індетті жұқтырғандар саны бірден өсіп кетті. Ал шенеуніктер болса, вирустың таралу барысын бақылауда ұстап отырмыз дейді.

Алайда, басқа аймақтарды айтпағанда елорданың өзінде коронавирустың барын анықтайтын ПТР тест тапшы болып отыр. Науқастар санының күрт артуынан медициналық мекемелер мен  лабораториялар тест нәтижесін уақытында тапсыра алмай жатыр.  Ел астанасында науқастар саны үш есеге артты.

Денсаулық сақтау министрлігі енді қауіпті індетті жұқтырғандарды есепке алу алгоритімін өзгертті. Маусымның басынан бері министрлік ауру белгілері жоқтарды жалпы есепке қоспайды. Осының салдарынан елдегі ахуалды, науқастардың нақты санын ашық,айқын көру мүмкін болмай отыр. Төтенше жағдай кезіндегі талап та өзгерген.Енді ауру белгілері жоқтар үйінде жатып, дәрігердің қадалауымен емделеді. Алайда, олар өзгелерге жұқтыруы мүмкін. Соңғы мәлімет бойныша, елде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 19 мың адамнан асты, жазылып шыққандар 12 мыңнан асады. 136 адам көз жұмды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.