Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАШАҚОРЛАР ЕСЕБІНДЕ 18 МЫҢ АДАМ ТҰР

c 10:18, 22/09 c 1

0:00 / 0:00

Өкінішке орай есірткіге еліргенді тыю қиындап барады. Соның ішінде синтетикалық есірткіге қарсы жүргізіліп жатқан күрестен толық нәтиже көрмей отырмыз. Депутаттар балалар мен жасөспірімдер синтетикалық есірткінің кең таралу қаупіне ұшырайтын ең осал орта болып отырғанын айтады. Қаскөйлер есірткіні интернет-мессенджерлер арқылы арзан бағамен сатып, жастарды улап жатыр. Өкінішке орай, мектеп жасындағы балалар да тез ақша табу жолында осы қылмысқа ілініп қалуда. Мәжілісмен Берденовтің мәліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде 18 мың адам нашақор тізімінде тұр. Өткен жылы жылы 1млн. граммнан астам есірткі тәлкіленсе, бұл көрсеткіш биылғы жылдың 8 айында 900 мың граммға жеткен.

Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізілгенімен жағдайдың жақсаратын түрі жоқ. Нәтижесінде қоғамда сұрақ көп. Заңсыз есірткі шығарып жатқан лабораторияларды кім тескеріп жатыр?

Руслан Берденов премьер-министрге жолдаған сауалында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған 5 жылдық кешенді жоспар құрып, оған барлық құқық қорғау, білім,денсаулық және цифрық даму министрліктері біріктіліп, есірткі қылмысының алдын алу, себептерін анықтау және салдарымен күресу шараларын енгізуді сұрады. Ал жыл басында сенат депутаттары да үкіметке сауал жолдап, елдегі есірткі саудасының өршуіне байланысты Президентке тікелей бағынатын есірткімен күрес мекемесін құруды ұсынған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.