Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нан қымбаттады

c 17:32, 04/10/2021 c 915

0:00 / 0:00

Оралда ұн мен нан қымбаттады. Кәсіпкерлер бұған өңірдегі қуаңшылық себеп болғанын айтады. Осының кесірінен олар былтырғымен салыстырғанда, биыл шығынға еселеп батқан. Бірақ ас атасы - нанның бағасы әлі де қымбаттауы мүмкін. Осыған дейін 140 теңгеден сатылған жоғарғы сортты бір таба нанның бағасы қазір 150 теңге. Нан ғана емес, ұн да 100 теңгеге қымбаттапты. Наубайшылар мұның себебін бидай бағасының өскенімен түсіндіреді.Биыл қуаңшылықтың кесірінен астық бітік шықпады. Осылайша қамбалар қаңырап бос қалды. Бұл аздай, дизельдің қымбаттауы да жығылғанға жұдырық болды. Шаруалар бидайын қымбатқа сатты, олардан наубайшылар да қалыспады. Наубайхана өкілдері қымбатшылық құрсауында қалған соң, өз өнімінің бағасын өсіруге мәжбүр болдық дейді. Осылайша, нан ғана емес, макарон өнімдері де 11 пайызға қымбаттапты. Осылай күйінген кәсіпкерлерді жауапты орган өкілдері жұбатқандай болды. Баға шарықтауының алдын-алу үшін арнайы қор құрылмақ.Енді шаруалар әліптің артын бағып, бағаның қымбаттағанын күтеді. Осылайша өз өнімін сатуға асықпайды, -дейді наубайшылар. Демек баға әлі де өседі. Наубайшылардың сөзінше, жоғары сортты нанның бағасы кемінде 180 теңгеден кем болмауы керек. Ал қазіргі бағам 150 теңге межесінде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.