0:00 / 0:00
Орал қаласында қараша мен желтоқсан айларында мұзға тайып жығылған 1000-ға жуық адам облыстық аурухананың травматология бөліміне жүгінген. Дәрігерлер көмегін алғандардың көбінің қол-аяғы сынған.
Қала көшелеріндегі көктайғақтың кесірінен құлап қалмайын деп әзер жүріп келе жатқан жандардың қарасы қалың. Олардың кейбірі мұзға тайып жығылып үлгерген.
Биыл мұзға тайып құлап, жарақат алған жандардың көбінің аяқ-қолы сынған. Облыстық аурухананың дәрігерлері бір ай жарым уақытта 1000-ға жуық азамат жарақаттанғанын айтады.
Жалпы 2020 жылы облыстық көп бейінді ауруханаға 12800 адам түрлі жарақатпен түсіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.