БҚО Ақжайық ауданында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.Турнирге жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып, боз кілемде барлығы 37 спортшы бақтарын сынады.Бабы келіскендер жеңіске жетті.Спорт ардагері Жеңіс Игилмановты еске алуға арналған турнирге Тәжікстан, Ресей және Қазақстанның түкпір - түкпірінен спортшылар келген.Барлығы 37 спортшы осы сында баптары мен бақтарын сынамақшы.
Бұл жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен өтетін халықаралық байқау.Күресеміз деп келген өзге елдің спортшылары осы шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді деген тілектерін жеткізіп жатты.
Жарыс соңында жүлдегерлер анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды.