0:00 / 0:00
Төтеншеліктер мұзға шығып, балық аулап, су айдындарында серуен құратын жандарға қауіп туралы түсіндіру үшін арнайы рейд шараларын бастады. Мақсат біреу- қыста төтенше жағдайға жол бермеу. Су енді қата бастаған шақта өмірін қатерге тігіп, балық аулауды әдетке айналдырған жандар қатары сиремейді. Олар көп жағдайда қауіпсіздік шараларын ұмыт қалдырып жатады.
Төтенше жағдай департаментінің мамандары түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға арнайы үн парақ таратып, қауіп туралы ескертуде.
Сала мамандарының тартқан ақпарына сүйенсек, өткен жылы облыс аумағында күзгі-қысқы уақытта су айдындарында 4 адам қаза тапқан. Биыл 4 балықшының өлімі де судан келіпті.
Сурет https://syr-media.kz/ сайтынан жүктелді