Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұз үстінде сақ болайық!

c 17:01, 25/03/2021 c 574

0:00 / 0:00

Сәуірдің бірінші он күндігінде БҚО өзендерінде қатқан мұз ериді деген болжам бар. Қазіргі таңда облыста мұздың қалыңдығы 25 сантиметрді құрап отыр. Төтеншеліктер ауа райының құбылып, жылынуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Мамандар өңірде көктем кеш шығуына байланысты мұз сәуірдің басында ериді деп болжам жасауда. Қазіргі таңда су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 25 саниметрді құрайды.

Төтеншеліктер абырой болғанда соңғы екі жылда мұзға шығып, зардап шеккен жағдаяттардың тіркелмегенін хабарлайды. Соңғы күндері қайғылы оқиға Қызылорда облысында орын алған. 2 бала суға кетіп, жан тапсырыпты. Мамандардың "Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!" деген кеңесіне құлақ аспай, өзенде балық аулап жүрген жандарды көзбен көрдік. Балықшыларды сөзге тартып едік, бізбен тілдесуден бас тартты.

Төтеншеліктер сәуірдің басында мұздың еруі Тайпақтан басталатынын айтады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.