0:00 / 0:00
Мұратсай су қоймасына кім жауапты. БҚО Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылының тұрғындары ауыл маңындағы су қоймасының суы азайып, жыл санап тартылып барады деп дабыл қағып жатыр.Обылыстың ең қашық ауданы саналатын Бөкей ордасы ауданына облыс орталығынан табиғат қорғаушылары арнайы барып су қоймасының жағдайымен танысып келді.БҚО Бөкей орда ауданы, Мұратсай ауылы,Мұратсай су қоймасы.Ауыл тұрғындары кезінде Мұратсай су қоймасының балығы тулап, бақа - шаяны шулап жататын еді деп еске алады.Су қоймасы 2015 жылы Сарсенов Менжан есімді кәсіпкерге жалға берілген. Пәленің бәрі осыдан басталды дейді ауыл тұрғындары. Арна тілшісімен кездескен ауыл тұрғындары кәсіпкер су қоймасын қарамайды, балдыры тазартылмайды деп арыз - шағымдарын жеткізді.
Негізі жалға алушы тарап келісім шарт бойынша жұмыс жасайды. Яғни, олар су қоймасын күтіп ұстауға міндетті. Алайда өз ісіне жүрдім- бардым қарап, су қоймасын күтіп ұстамайтын кәсіпкерлер де бар.Ондай жағдайда су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Мұратсай ауылының тұрғындары да су қоймасын қарап ұстауды талап етіп отыр.
БҚО Бөкей орда ауданы Мұртсай ауылында өткен кездесуге екі тарап та қатысты. Белгілі болғандай су қоймасын жалға алушылар Мұратсай су қоймасын жылда тазартып жүргендерін, 2018 жылдың мамырында суға шабақ жібергендерін де айтты. Биыл 12 мамыр күні Мұратсай су қоймасында тазарту жұмыстарын жүгізіп, 9 шаян аулайтын құрал мен бір балық аулайтын құралды тәркілегендерін де айтты.
Алайда бұл сөздерге ауыл тұрғындары сенбей отыр. Олар біз ештенені өз көзімізбен көрмедік, су қоймасының экологиялық жағдайы өте төмен деп мәлімдеді.Ал, жауапты мекеме істі қадағалуға алып, қажетті шараларды қолданатындықтарын жеткізді.
Бүгінде БҚО бойынша 200 ден астам су қоймасы бар делінеді. Олардың ішінде 36 су қоймасы жалға берілген.