Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҰНАЙШЫЛАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ МЕ?

c 09:19, 17/05/2023 c 85

0:00 / 0:00

Жаңаөзендік мұнайшылардың мәселесіне қатысты Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді. Бүгін өткен үкімет отырысынан соң, бас энергетикті қаумалаған тілішілер сәуір айында Астанаға келіп наразылық білдірген мұнайшыларды жұмысқа тұрғызу мәселесіне қатысты сұрақты алға тартты. Оның айтуынша, мәселені шешу үшін арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, сәуір айының ортасында жаңаөзендік мұнайшылар елордаға келіп, Энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз компаниясының ғимараты алдында түне, өз талаптарын жеткізген болатын. Олар «БерАли Маңғыстау Company» қызметкерлері еді. 150 мұнайшы компания тендерден ұтылып қалған соң жұмыссыз қалғанды. Олар биліктен тұрақты, әлеуметтік пакеті бар, жалақысы жоғары жұмыс талап етті. Кейін бас көтерген мұнайшыларды арнайы жасақ полция бөлімшесіне алып кетіп, одан әрі олардың өз өңіріне қайтарған болатын. Тек 10 мұнайшы министрлікпен және «ҚазМұнайГаз» компаниясымен келіссөз жүргізуге қалғаны есімізде. Энергетика министрінің айтуынша, Астанаға келіп, талап қойған жаңаөзендіктердің бір бөлігі жұмысқа орналастырылған. Сонымен бірге 3 жылға конкурс жарияланған.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ "Мұнайсервис компанияларының қызметкерлерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бір бөлігі жұмысқа орналастырылған. Сонымен бірге 3 жылға конкурс жарияланған. Мұнай сервистік компаниялардың қызметкерлері үшін жеңілдікті жұмыс жағдайларын белгілеу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Конкурстық рәсімдер аясында жеңіске жететін компаниялар осы қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға міндеттеледі. Қызметкерлердің қалған бір бөлігі тікелей "ӨзенМұнайГазға" орналастыру талабын қойып отыр».

Сондай-ақ, министр «ӨзенМұнайГазға» қатысты мемлекеттік сатып алулар бойынша мәселе анықталып жатқанын айтты.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «ӨзенМұнайГазға» қатысты мемлекеттік сатып алулар бойынша мәселе анықталып жатыр. Биыл келісімшарттарды орындау, еңбек қатынастарына байланысты мәселелер қаралуда. Мәселе - мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарының бақылауында. Мұнай сервистік компаниялардың қызметкерлерімен тұрақты диалог жүріп жатыр».

Алайда, Жаңаөзенде мұнайшылардың бір бөлігі әлі де наразылық білдіріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.