Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҰНАЙ ҚОРЫ АЗАЙЫП ЖАТЫР МА?

c 09:51, 26/11 c 1

0:00 / 0:00

2026 жылдан бастап еліміз жыл сайын 100 млн тоннадан астам мұнай өндіретін болады дейді министр. Ал депутаттар алдағы 15 жылда Қазақстанда мұнай-газ өндіру көлемі азаяды деп болжап отыр.

Өкінішке орай, мұнайдың үстінде отырған Қазақстанда жанар-жағармайға, газға тапшылық сезіліп отыр. Тіпті, мұнай өнімдерін сырттан тасып отырған жағдайымыз бар.

Сондай-ақ, депутаттар экспортталып жатқан мұнайдың қызығын шетелдерде тіркелген компаниялар көруде дейді. Олар Қазақстандағы ішкі баға мен әлемдік баға арасында маржадан түскен пайдаға кенеліп отыр. Мәжілісмен Бапи «Қара алтынның» экспортына мемлекеттік бақылау орнатып, мұнайымызды сыртқа сататын бірегей оператор құруды ұсынды. Ал әлгі шетелдік компаниялар ескі Қазақстанның өкілдерімен байланысты.

Сондай-ақ, депутаттар мұнай қорының азайып бара жатқанын ескеріп, жаңа мұнай кен орындарын барлауға тым аз қаражат қарастырылып жатқанын да айтты.
Ал Энергетика министрі төртінші мұнай өңдеу зауытын 2032 жылы саламыз деген жаңалығымен бөлісті. Жаңа зауыт жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.