Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұнай доллары қайда инвестицияланады?

c 09:15, 01/07 c 50

0:00 / 0:00

Ұлттық қордың ірі халықаралық компаниялардың акцияларына немесе дамыған елдердің облигацияларына салған инвестициялары әдетте осы активтердің жоғары өтімділігіне байланысты сенімді болып саналады. Дегенмен, «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» сияқты компаниялардың акцияларына инвестиция салуға келгенде алаңдаушылық туындайды, дейді тәуелсіз сарапшылар. Ұлттық қордың ақшасын бюджет пен парламенттің қатысуынсыз қазақстандық компаниялардың акцияларына, яғни өз компанияларына тікелей инвестициялау – күмән тудыратын тәсіл. Сарапшылардың пікірінше, мұндай әрекеттер Pandora қорапшасының ашылуына әкеліп соғуы мүмкін, оның ішінде инвестициялық тізімге нақты таңдау критерийлері жоқ компаниялардың белгісіз саны кіреді. Ұлттық қордың бастапқы стратегиясын, яғни шетелдік активтерге инвестициялауды ұстану қажет.
Егер қор қаражаты ел ішінде пайдаланылса, онда бұл парламентте қаралмай, акцияларға тікелей инвестиция салу арқылы емес, басым жобаларды жүзеге асыруға арналған бюджет арқылы жүзеге асуы керек. Оның үстіне үкімет мұын әдетке айналдырған. Осылайша, 2023 жылы парламенттің мақұлдауынсыз Ұлттық қордың қаражаты «ҚазМұнайГаздың» бағалы қағаздарына салынды. Бір жарым триллионға жуық қаржы құйылды. Ал мұнай бағасы арзандаса, акциялардың бағасы төмендейді дейді сыншылар. Бірақ Ұлттық банк басшысы жергілікті компаниялардың да әлеуеті бар деп есептейді. Енді Ұлттық қордан түскен ақшаның бір бөлігі нарық жағдайында Қазатомөнеркәсібіне құйылмақшы. Бас банкир қанша қаражат құйылатынын атамады.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ –ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ «ҚазАтомөнеркәсібінің уран өндіруде әлемдік деңгейдегі үлесі 40 пайызға жуықтайды.Бұл әлемдік алып өнеркәсіп. Оны аты әйгілі ЕхсонМобильмен салыстырып жатады. Уран өндіруде ҚазАтомөнеркәсібіне сұраныс жоғары. Көптеген елдерде сұраныс бар»

Ұлттық қор жағдайы Қазақстандағы ең көп талқыланатын мәселелердің бірі. Бұл жинақталған байлық пен ірі активтер. Алайда, болашақтың несбісеі деп мұанйдан түскен табысты ұлттық ққорға құйғалы, одан қаржы тарту да тыйылар емес. Ұлттық қордағы ең үлкен проблема Қазақстанның ұлттық холдингтеріне Ұлттық қордан тікелей нөлге жуық пайыздық мөлшерлемемен несие беру болды. Ұлттық қор бұған дейін «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «Қазагро» компанияларының облигацияларын сатып алған. Дәл ұлттық холдингтерді өте төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелеудің кесірінен билік Ұлттық қордың тексерілген есептерін жариялағысы келмейді. Тиімсіз жұмсаудың салдарынан, аудиторлық палата мәлімдегендей, ақша депозиттерде бос жатыр. Осылайша, Қазақстанның Ұлттық қоры 2022 жылдың соңында рекордтық шығынға ұшырады. Бірден минус 1,4 трлн теңгеге шығындалды. Сүлейменов мойындағанындай, ұлттық қордан қаражат алуда абай болу керек. Ал алдағы үш жылдың бюджетінде тағы да Ұлттық Қордан 6 трлн алынбақшы.

Қазақстан Норвегия тәжірибиесіне сүйеніп Ұлттық қорды құрды. 1996 жылы норвегиялық қордың капиталы шамамен 50 миллиард доллар болса, қазір ол триллионнан асады. Оларда барлығы шынымен ашық: тіпті менеджерлердің жалақысы да көрсетілген. Ал Қазақстанда Ұлттық қордың бүкіл тарихында оның орындалуы туралы аудиторлық есеп ешқашан жарияланбаған. Қаражат қай компаниялардың активтеріне салынғаны белгісіз. Дағдарыс салдарынан Ұлттық қор алғаш рет «ашылған» 2016 жылы оның көлемі максимум 77 миллиард долларды құрады деген болжам бар. Қазір бар болғаны 57 миллиард доллар бар онда. Яғни болашақ ұрпақтың ақшасы 16 миллиард долларға азайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.