Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ

c 09:04, 05/09 c 12

0:00 / 0:00

25 мыңнан астам батысқазақстандық мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Атаулы тізімдегілер жайындағы тақырыпты өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде талқылад(ы). Еліміз ерекше жандардың қоғаммен етене араласуына қандай жағдай жасауда? Мүмкіндігі шектелгендерге мемлекеттен көрсетілетін көмек қалай көрсетіледі? Ақниет Ғаллам баяндайд(ы)!

Ерекше жандарға ерекше қамқорлық қажет. Өйткені олар қатал тағдырға мойымай, еңбектің нағыз үлгісін көрсетіп жүр. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен қабілеті шексіз. Елімізде аталмыш тізімге жататын 725 мың адам бар, бұл жалпы халық санының шамамен 4 %-ын құрайды. Ал Батыс Қазақстан облысында 25 мың ерекше жан болса, олардың шамамен 3 мыңы - балалар.

Мүмкіндігі шектеуі жандарды әлеуметтік қамтамасыз етудің 3 деңгейлі жүйесі қамтылған. Олар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жәрдемақы, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер және сақтандыру төлемдері.

Қазіргі уақытта облыс бойынша ерекше жандарға жалпы 11 орталық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орал қаласында жаңадан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес келетін 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығының құрылысы салынуда. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.