0:00 / 0:00
Тағдыр тауқыметін тартып, тумысынан мүгедек танған балаларды өздігінен жүріп тұруға, білім алуға, еңбекке баулуға бейімдейтін «Шапағат» орталығы 2009 жылы жұмысын бастады. Содан бері бүгінге дейін бұндай аурумен ауыратын балалардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытып, қанаттарын қатайтып жіберуге орталық мамандары бар күш жігерін салуда. Орталықтағы Әділет есімді жасөспірім, сөйлей алмайды. Дегенмен талмай жұмыстанудың нәтижесінде бүгінде түстерді ажырата біліп, жазу эелементерін игере бастапты. Аталмыш орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың сүйікті ортасына айналса, ата-аналар үшін де таптырмас көмекшіге айналған. Бүгінгі таңда, ресми мәлімет бойынша, елімізде осындай диагноз 10 мыңнан астам балаға қойылған. Бұндай балалар жыл сайын кем дегенде 3-4 рет ем қабылдап отырулары тиіс. Ал облыс бойынша барлығы 2622 мүмкіндігі шектеулі бала болса, солардың 563-і осындай дертке шалдыққан. Сала мамандары өкінішке орай бұл цифрлар қатарының уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқандығын айтады. Бүгінде науқас балаларға қолдау көрсетіп, қол ұшын созу мақсатында мемлекеттен қомақты қаражат бөлініп, оңалту орталықтары ашылып жатқанменде, науқастарды 100 пайыз айықтыру мүмкін емес. Дегенменде болашақ ұрпағым сау болсын деген әр ата-ана жүктілікті жоспарламас үшін толықтай денсаулығын тексертуі қажет. Баланы жоспарлы өмірге әкелу осындай түйткілді мәселенің шешімі екен.