Наурыз мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы, кір тасын көтеруден және шахмат, қол күресінен арнайы сайыс ұйымдастырылған болатын. Қала біріншілігінде 60-тан астам қатысушы бақ сынап жатыр. Спорттық доданың негізгі мақсаты: ұлттық мерекемізді ұлықтап, қам көңіл жандардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ, Талдықорған қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі қол күресінен республикалық чемпионат барысында өңіріміздің екі спортшысы оқ бойы оза шауып, екі алтын медальді қанжығылапты.